2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ конькиші Ақнар Ардақ сырт келбетімен түрлі елдерден келген жанкүйерлерді өзіне баурап алды. Бұл туралы ZTB.kz жазды.
Ақнар 1999 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. Ол 1 маусымда 23 жасқа толады. Бойжеткеннің әкесі қайтыс болған, анасы мұғалім болып жұмыс істейді.
Ақнардың өзі бала кезінен коньки тебуге, мұз айдынына әуес болған. Спорттық мансабының алғашқы кезеңінде ол халықаралық жарыстарға шорт-тректен ғана қатысқан, ал 2018 жылдан бастап коньки тебуден өнер көрсете бастаған. Ол КХР рекордын жаңартқан спортшы.
Сұхбаттардың бірінде Ақнар спортта жетістікке жетуіне әйгілі қытайлық конькиші, қазіргі жаттықтырушы Син Циньшаньның көп еңбең сіңіргенін атап өткен.
Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының іріктеу жарысында Қытай құрамасының мүшелері арасында Ардақ 3000 метр және 5000 метр қашықтықта бірінші орынды иеленіп, одан кейін елдің ұлттық құрама қатарына енген.
Олимпиадада ол 3000 метр қашықтықта бір рет өнер көрсіп, 17-орын алды. Алда спортшының медаль үшін таласатын екі мүмкіндігі бар. Ақнар 1500 және 5000 метр қашықтықта бақ сынайды.