Алматыда Олимпиада жүлдегерлері жаңа пәтерлердің кілттерін алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларға пәтер кілттерін табыс етті.
Бес спортшы жаңа пәтер иегерлері атанды.
"Спорттық гимнастикадан Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер алды. Қола жүлдегерлер, спортшы Назым Қызайбай мен атқыш Ислам Сәтбаев бір бөлмелі пәтер иегерлері атанды. Қола медаль иегерлері, дзюдошы Гусман Қырғызбаев және пневматикалық мылтықтан ату спортшысы Александра Ле жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда. Оларға пәтерлер кілттері Алматыға оралған соң беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, 2024 жылы 11 тамызда Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Алматылық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова