Фристайл-могулдан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Юлия Галышева биылғы маусымға қатысты жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы жаңа маусымды бастап кетті.
"Бұл маусымда көп жарысқа қатыспаймын. Себебі жарақатымнан айығып жатырмын. Қазір бір-екі турнирге қатыстым. Грузиядағы бәсекеде бақ сынауды жоспарлап отырмын.
Ең бастысы - Алматыда өтетін әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетемін. Биылғы мақсат - осы.
Ал спорттық мансабымды әзір аяқтамаймын. Мұндай әңгімені кім шығарғанын да білмеймін", - деді спортшы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!