Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға аттанды. Олар 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирде бақ сынап, Олимпиада жолдамасына таласады.
Бас жаттықтырушы Шәміл Сафиуллин және Алуа Балқыбекова (50 кило) мен Жайна Шекербекова (54 кило) Апеннин түбегіне Алматы арқылы аттанса, Римма Волосенко (60 кило), Наталья Богданова (66 кило), Валентина Хальзова (75 кило) және өзге жаттықтырушылар алқасы Астана арқылы ұшты.
Турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.
Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады. Қазіргі таңда Карина Ибрагимовада (57 кило) ғана Олимпиада жолдамасы бар.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!