Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз үшінші орын өткен татамидегі кездесуде оңтүстіккореялық Вон Чжон Хуннан басым болды.
100 килоға дейінгі салмақта белдескен отандасымыз 1/4 финалда Олимпиада чемпионы Аарон Вольфты жарыс жолынан шығарған еді. Алайда жартылай финалда өзбек спортшысы Музаффар Туробоевқа жол беріп алды.
Нұрлыхан Қазақстан құрамасы қоржынына 8-ші медальды салды. Оның екеуі күміс жүлде.
Бүгін қола медаль үшін күрескен Камила Берліқаш, Ғалымжан Қырықбай мен Аруна Жангелдина қарсыластарына жол беріп, 5-орынды қанағат тұтты.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ