Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин спорттық карьерасын аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Олимпиаданы бағындырғандар үлкен спорттан кейін басқа салаға кетпей, спортқа үлесін тигізуі тиіс. Сенің бапкерлікке ауысқаның қуантады. Себебі, сен қазақ спортына керексің. Біздің тарап барынша қолдау көрсетуге әзір", - дейді Ерғалиев.
Еске салайық, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында жүзу спортында құрама қоржынына алтын медаль салған еді. Сонымен қатар, 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында 3 дистанцияда чемпион атанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!