Олимпиада 2026: Шыңғыс Ракпаров жарыс жолына шықты

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жарыстар басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл спорт түрі бойынша Қазақстан атынан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп жатыр. Ол спорттағы мансабында екінші рет Олимпиада ойындарына іріктеуден сәтті өтті.

Жарыс аясында алдымен шаңғымен тұғырдан секіру сайысы (қалыпты тұғыр) ұйымдастырылды. Шыңғыс Ракпаров бұл кезеңде 87,9 ұпай жинады.

Қазір аралық нәтижеде эстониялық Кристиан Ильвес көш бастап тұр.

Айта кетейік, шаңғы қоссайысының екінші кезеңі де бүгін өтеді. Жарыс Астана уақытымен 17:15-те басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!