Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасындағы жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.
Ол төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз