Олимпиада-2026: Павел Колмаков үздік спортшылардың қатарына кірді

Олимпиада-2026: Павел Колмаков үздік спортшылардың қатарына кірді
Фото: ҰОК

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында параллель могулдан ерлер арасында сайыс басталды. Елімізден сынға түскен Павел Колмаков үздік 16 спортшының қатарына кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Плей-офф жүйесі арқылы өткен сайыста отандасымыз 1/16 финалда Франция өкілі Арзур де Виллаукортты 22:13 есебімен жеңді. 1/8 финалда Павел Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, 9 дүркін әлем чемпионы Микаэль Кингсберимен (Канада) жолы түйісіп, жарыс жолын аяқтады.

Павел Колмаков бұған дейін 2014, 2018, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, фристайл-могулдан ең жоғарғы көрсеткіші 7-орын болып тіркелген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget