Олимпиада 2026: 22 ақпандағы жарыс кестесі

Олимпиада 2026: 22 ақпандағы жарыс кестесі
Фото: ҰОК

22 ақпан - Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарының соңғы жарыс күні. Бүгін Қазақстан құрамасының екі спортшысы бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шаңғы жарысынан әйелдер арасында 50 шақырымдық масс-старт өтеді. Жарысқа Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысады.

Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.

Барлық жарысты тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар телеарналарынан тамашалауға болады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget