Олимпиада 2026: 17 ақпандағы жарыс кестесі

17 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан атынан фристайл-акробатика өкілдері сынға түседі. Сондай-ақ, қоссайыс шебері Шыңғыс Ракпаров екінші жарысын өткізеді. Ал Софья Самоделкина Олимпиадада алғаш рет бақ сынайды.

Шаңғы қоссайысы, үлкен тұғыр:

  • Шыңғыс Ракпаров

Сағат 14:00-де басталады.

Фристайл-акробатика, іріктеу кезеңі (әйелдер):

  • Аяна Жолдас

Сағат 14:45-те (1-іріктеу), 15:30-да (2-іріктеу) басталады.

Фристайл-акробатика, іріктеу кезеңі (ерлер):

  • Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов

Сағат 17:30-да (1-іріктеу), 18:15-те (2-іріктеу) басталады.

Шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы:

  • Шыңғыс Ракпаров

Сағат 17:45-те басталады.

Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер):

  • Софья Самоделкина

Сағат 22:45-те басталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз