17 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан атынан фристайл-акробатика өкілдері сынға түседі. Сондай-ақ, қоссайыс шебері Шыңғыс Ракпаров екінші жарысын өткізеді. Ал Софья Самоделкина Олимпиадада алғаш рет бақ сынайды.
Шаңғы қоссайысы, үлкен тұғыр:
- Шыңғыс Ракпаров
Сағат 14:00-де басталады.
Фристайл-акробатика, іріктеу кезеңі (әйелдер):
- Аяна Жолдас
Сағат 14:45-те (1-іріктеу), 15:30-да (2-іріктеу) басталады.
Фристайл-акробатика, іріктеу кезеңі (ерлер):
- Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов
Сағат 17:30-да (1-іріктеу), 18:15-те (2-іріктеу) басталады.
Шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы:
- Шыңғыс Ракпаров
Сағат 17:45-те басталады.
Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер):
- Софья Самоделкина
Сағат 22:45-те басталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова