Аралас жекпе-жектен файтер Шавкат Рахмонов (17:0) UFC президенті Дана Уайттың кеңсесінде қандай келіссөз жасалғанын айтты. Бұл туралы ол "Вестник ММА" YouTube-арнасында берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Спортшы UFC-дегі жаңа келісімшарты туралы айтты.
"10-15 минут онымен (Дана Уайтпен - еск.) сөйлестім, содан кейін матчмейкермен бір жарым сағат жаңа келісімшарт туралы сөйлестік. Жаңа келісімшарттағы шарттар жақсы сияқты. Бірақ олар қандай шарттар ұсынса да, бұл жеткіліксіз (менің жекпе-жегім үшін - еск.). Жақсы ақша алдым, бірақ одан да көп нәрсеге лайықпын. Мұны барлық адам түсіне бермейді. UFC-дің өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын", - деді ол.
Айта кетейік, UFC-дегі бесінші жекпе-жегі үшін Шавкат Рахмонов 191 500 доллар (82,5 миллион теңге) тапқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!