Нью-Делиде өткен даулы Гран-приде Бибісара Ассаубаева қанша табыс тапты

Нью-Делиде өткен даулы Гран-приде Бибісара Ассаубаева қанша табыс тапты
Фото: © instagram/bibisarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда әйелдер арасындағы Гран-приде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

"Дядя Ваня" телеграм-каналының хабарлауынша, ФИДЕ әйелдер Гран-приінің әр кезеңінде 80 мың доллар көлеміндегі жүлде тағайындалады. Нью-Делиде жүлде қоры 5,5 мың долларға қысқарған, себебі екі шахматшы – Жансай Әбдімәлік пен Элизабет Петц турнирден бас тартқан.

"Үндістандағы жарыста бірден үш шахматшы өз өнерін бірдей нәтижемен аяқтады (әрқайсысы алты ұпай): Александра Горячкина (Ресей), Бибісара Ассаубаева (Қазақстан) және Жу Цзинер (Қытай). Сондықтан ереже бойынша олар Гран-при үшін 37 мың доллар мен 400 ұпайды бөліседі. Нәтижесінде әрбір шахматшы 13 446 доллар мен 133 рейтинг ұпайына ие болды», - деп жазады Telegram арнасы.

Бұған дейін Бибісара Асаубаева тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәліктің Үндістандағы турнирге қатысудан бас тартуына байланысты дауласқан болатын. Асаубаева, әріптесін өзімшіл деп айыптады.

Т. Раушанұлы
Logotype Massaget