Нұрқанат Серікбаев Загребтегі Гран-При турнирінде топ жарды

Нұрқанат Серікбаев Загребтегі Гран-При турнирінде топ жарды
Фото: olympic.kz

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Чемпиондық атақ сарапқа салынған финалдық белдесуде отандасымыз бразилиялық Роналд Лимамен кездесіп, қарсыласын уақытынан бұрын иппон ұпайымен ұтты.

66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде бразилиялық Кристиан Силва мен аргентиналық Минору Тамашироны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін ширек финалда португалиялық Мигель Нери Гагоны, жартылай финалда италиялық Валерио Аккоглиді қапы қалдырды.

Осы нәтижемен Нұрқанат Серікбаев Загреб Гран-приінің алтын жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасы Загребте өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысының алғашқы жарыс күнін 1 алтын, 2 күміспен аяқтады. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (-48 кг) мен Аман Бақытжан (-60 кг) күміс жүлдегер атанған болатын.

Айта кетерлігі, Загреб Гран-приіне 66 елден 462 дзюдошы қатысуда. Әлемдік дода 15 қарашаға дейін жалғасады.

О. Сансызбай
Logotype Massaget