Нұржан Батырбеков Ханчжоуда алтынға белдеседі

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың жартылай финалында 69 келіде өнер көрсететін Нұржан 2022 жылғы ӘЧ-нің күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея спортшысы Чо Сон-Хенды жықты. 

Енді финалда 21 жастағы қазақстандық БАӘ өкілі Мохаммед Әл-Суваидимен белдеседі. Жартылай финалда араб спортшысы өзге қазақстандық Алдияр Серікті жеңген еді. 

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 51 жүлдесі бар - бес алтын, 11 күміс және 35 қола.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!