Нұрбек Оралбай өзбекстандық боксшыға есе жіберді

Нұрбек Оралбай өзбекстандық боксшыға есе жіберді
Фото: ҰОК/Арлан Олжабай

Боксшы Нұрбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жарыс жолын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұрбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық Турарбек Хабибуллаевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget