Нұрбек Оралбай өзбекстандық боксшыға есе жіберді

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы жеңіліп қалды. Тимур Қабдешов (55 келіге дейін) пен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) жарысты аяқтады.

Тимур Қабдешов бразилиялық Келви Триндадиден жеңілді. Ал Нұрбек Оралбай ширек финалда әлем чемпионы, Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевқа есе жіберді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай (54 келіге дейін) алғашқы кездесуінде Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Им Эджиден басым түсті. Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін) әзербайжандық Малик Хасановты жеңді. Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ирландиялық Тиг О’Доннеллден мықты болды. Лаура Есенгелді (70 келіге дейін) Испания өкілі Дуния Мартинес Масты жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!