Нұрбек Оралбай Азия чемпионатында топ жарды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевке қарсы шаршы алаңға шықты.

Нұрбек Оралбай жекпе-жекті сенімді бастап, алғашқы раундты 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта да басымдық танытып, жеңіске біртабан жақындай түсті. Нәтижесінде ол төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлде иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда күміс медальмен шектелген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!