Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты. Отандасымыз жекпе-жек барысында қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде төреші екінші раундта айқасты тоқтатты.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов та Германия боксшысы Денис Брилді 5:0 есебімен жеңген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!