Нұрбек Оралбай Әлем кубогінде жеңіске жетті

Нұрбек Оралбай Әлем кубогінде жеңіске жетті
Фото: ҰОК/ Владислав Семенов

Нұрбек Оралбай Әлем кубогінде жеңіске жетті. Ол Мурад Аллахвердиевті тағы да жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

80 келіде сынға түсіп жатқан отандасымыз әзербайжандық қарсыласымен мансабында 4 рет кездесті, барлығы да Нұрбектің пайдасына шешілді.

Айта кетейік, бүгін Астанада бокстан Әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні өтіп жатыр.

Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасы мен арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Еске салайық, Астанадағы Әлем кубогі 6 шілдеге дейін жалғасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget