Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде ол үндістандық Нитешпен күш сынасты.
Тартысты кездесуде 13:9 есебімен үндістандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдескен Сұлтан Әсетұлы Қырғызстан өкілі Жанторо Мирзалиевтен жеңіліп қалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз