Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп ресейлік қорғаушы Александр Коваленкомен тағы да белдесіп, командаласын күресте екінші рет жеңіп шықты.
Бір апта бұрын Нұрәлі командаласын кеудеден асыру әдісіне салып, жеңіп кеткен еді. Бұл жолы иықтан асыра лақтыру әдісімен шеберлік көрсетті.
Қазақстандық қорғаушы осы маусымда "Зенит" сапында 23 ойынға қатысып, нәтижелі өнер көрсетіп келеді. Команда 18 турдан кейін Ресей премьер лигасында 2-орында тұр. Чемпионат наурыз айының басында жалғасады.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық қорғаушы жолдастық ойындағы финтімен жанкүйерлер назарына іліккен еді.
"Зенит" командасы қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!