Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бүгін шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары өтеді. Бұл бәсекеде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Илья Мизерных өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы сапында Давид Гааль, Артем Мешков, Даниил Калинкин, Виктория Рулева, Анастасия Горунова, Алиса Седова және Алена Свириденко бақ сынайды.
Айта кетейік, 4 наурызда қыздар арасындағы жарыстар өтсе, келесі күні ерлер арасындағы сайыстар басталады. Бағдарламада командалық жарыстар да бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова