Нора Джеруто финалға шықты

Нора Джеруто финалға шықты
Фото: ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токиода (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.

Нора Джеруто алғашқы кезеңде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Дейзи Джепкемей тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget