Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарын жарқын жеңіспен бастады. Отандасымыз 1/8 финалда Непал елінен келген спортшы Сусма Тамангты жеңді.
50 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Назым төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірді.
Отандасымыз келесі жекпе-жегін моңғол қызы Йесуген Оюнцетцегке қарсы өткізеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 10 медаль (1 алтын, 2 күміс, 7 қола) бар. Жалпыкомандалық есепте 11-орында келеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!