"Нокаут". Махачев жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды

Ресейлік файтер Ислам Махачев (23-1) жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды. Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан UFC 280 турнирінің негізгі жекпе-жегінде 31 жастағы боксшы бразилиялық экс-чемпион Чарльз Оливейраны (33-9-0-1) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты жекпе-жек екінші раундта сабмишен арқылы Махачевтің жеңісімен аяқталды. Екінші бес минуттықта ресейлік спортшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, кейін оны тұншықтырды. 

Бұл жаңа чемпионның қатарынан 11-жеңісі және оның ол алты жылдан аса уақыт жекпе-жектерде жеңіп жүр. Оливейраға келсек, бұл оның мансабындағы тоғызыншы жеңілісі. Бұған дейін бразилиялық 11 рет қатарынан жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов досы Махачевпен бірге бұрышта болды.

Жекпе-жектен кейін Махачев "Матч ТВ" арнасына эмоциясын бөлісті.

"Мен әрқашан Құдайдан сұрайтынмын, бірақ ол маған сұрағаннан да көп беретін", - дейді спортшы.

Ол өзінің қарсыласы бразилиялық Чарльз Оливейраны нағыз күрескер деп атады. Содан кейін Махачев белбеуді бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке беріп, жеңісін қайтыс болған бапкер Абдулманап Нурмагомедовке арнайтынын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!