Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жартылай финалда Нодира Ахмедова Болгария спортшысы Александра Георгиеваны 2:1 есебімен ұтты.
Ал шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Испания өкілі Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша Нодира Ахмедова күміс медаль иеленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!