"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы кіші Неймардың әкесі Неймар да Силва Сантос ұлының франциялық клубтан кетеді деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұның алдында L’Équipe басылымы бразилиялық ойыншы ПСЖ басшылығына клубтан кететінін ескертті деп хабарлаған болатын.
"Мен болмаған жаңалықты растай алмаймын. L’Equipe - ол L’Efake!", - деп береді Сантостың сөзін Premier League Brasil.