Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар жазғы трансферлік кезеңде "Пари Сен-Жермен" сапынан кеткісі келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
L’Équipe мәліметінше, өткен демалыста бразилиялық ойыншы клуб басшылығына команда ауыстырғысы келетінін айтыпты.
Футболшының ойынша, ПСЖ алаңнан тыс жерде ойыншыларды жанкүйерлердің түртпектеуінен қорғамайды - көктемеде бірнеше жанкүйер футболшының үйіне келіп, командадан кетуін талап еткен. Неймарға әлі де наразы адамдар клубтан оны трансферге қоюын сұрауда.
Неймар карьерасын 2013-2017 жылдары ойнаған "Барселонада" жалғастырғысы келеді екен. Алайда каталондық клуб 31 жастағы шабуылшының трансферін қарастырып отырған жоқ.
![]()
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!