Бокстан Таразда өтіп жатқан ел чемпионатында бірнеше салмақта чемпиондар анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова топ жарды. Ол финалда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайды 3:2 есебімен жеңіп шықты.
Ал 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева чемпион болды. Финалда жамбылдық Әйгерім Сәттібаевадан айласын асырды. Есеп – 4:1.
Ерлер арасында 50 келіге дейінгі салмақтағы финалда Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) жетісулік Диас Берікбайды 5:0 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды.
80 келіге дейінгі әйелдер арасында Надежда Рябец чемпион болды. Оның финалдағы қарсыласы Айдана Убайдуллақызы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай