Назым Қызайбай Олимпиада жүлдегерін жеңді

Назым Қызайбай Олимпиада жүлдегерін жеңді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай 1/8 финалда осы салмақтағы басты фавориттердің бірі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен (Оңтүстік Корея) кездесті.

Отандасымыз 3 раундта да басымдық танытып, 4:1 есебімен басым түсті.

Еске салайық, бұған дейін Санатәлі Төлтаев пен Тимур Нұрсейітов қарсыластарын ойсырата жеңді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget