- Негізгі бет
- Спорт
- Назым Қызайбай Азия...
Назым Қызайбай Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарын аяқтады. Отандасымыз екінші жекпе-жегінде моңғол боксшысы Йесуген Оюнцетцегке жол берді.
Бірінші раундта төрешілердің барлығы Назымға басымдық берген. Алайда кейінгі раундтар қорытындысы бойынша қарсыласын жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай әйелдер құрамасы сапында жарыс жолынан шығып қалған екінші боксшы қыз. Бұған дейін Римма Волосенко жүлде жолындағы таласты ерте аяқтаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай