Назым Қызайбай Азия ойындарында жарыс жолын аяқтады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Назым Қызайбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қытайлық Чжао Сюаньмен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал Назым Қызайбай Азиадада жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!