Назым Қызайбай Әлем кубогында реванш жасады

Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай ширек финалда Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен тағы да кездесті.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты қолға алып, шеберлік жағынан әлдеқайда басым екенін дәлелдей білді. Қорытынды есеп: 4:1.

Айта кетейік, Назым Қызайбай екі ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде дәл осы Польша өкіліне жол берген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!