Назым Қызайбай әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Назым Қызайбай әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Фото: Сали Сабиров/ ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.

Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget