Ұлттық құрама боксшысы (66 келі) Наталья Богданова Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы салмақтағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы жартылай финалда таиландтық Джанджай Суваннапхенгтан ұтылып қалды.
Наталья Ханчжоуда барлығы 2 жекпе-жек өткізді. Алғашқы айқасында Сауд Арабиясының өкілі Рагад Ибрагим әл-Наимиді мерзімінен бұрын жеңсе, ширек финалда Цэцэгдари Мягмарсурэннан (Моңғолия) басым түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!