Нариман Құрбанов Түркиядағы турнирге қатысады

Нариман Құрбанов Түркиядағы турнирге қатысады
Фото: ҰОК

12 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап. 

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының алты спортшысы бақ сынайды. Құрама сапына Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден енді.

Турнир 15 наурызда аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанның Баку қаласында өткен алдыңғы кезеңде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget