Нариман Құрбанов Словенияда өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді

Нариман Құрбанов Словенияда өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді
Фото: ҰОК

Халықаралық гимнастика федерациясы Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup-қа қатысатын құрамалардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста төрт гимнаст өнер көрсетеді:

  • Нариман Құрбанов (ат снарядындағы жаттығулар);
  • Нұртан Идрисов (ат снарядындағы жаттығулар);
  • Асан Сәлімов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық және кермедегі жаттығулар);
  • Роман Маменов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар).

Айта кетейік, Словениядағы халықаралық турнир 28-31 мамыр аралығында өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget