Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің алғашқы іріктеуі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.
Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,900 ұпай жинап, финалға бірінші орынмен шықты.
Зейнолла Идрисов та медаль үшін сынға түседі. Іріктеуде ол төрешілер шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Роман Маменов сақинадағы жаттығуда 13-орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, турнирдің финалы 30 мамырда басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!