Нариман Құрбанов Әлем кубогы кезеңінде финалға шықты

Нариман Құрбанов Әлем кубогы кезеңінде финалға шықты
Фото: ҰОК

Гимнастар Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде финалға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,766 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Зейнолла Ыдырысов өз өнері үшін төрешілерден 14,700 ұпай алып, іріктеуде екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінің финалы 10 және 11 сәуір аралығында өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget