МЮ 100 миллионға шабуылшы сатып алып, рекорд жаңартты

Амстердамдық «Аякстың» шабуылшысы Антони «Манчестер Юнайтедке» ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ағылшын клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт 95 миллион еуроны құрады, тағы бес миллионы бонус ретінде берілген. Бұл Эредивизия (Нидерланды чемпионаты) ойыншылары үшін ең үлкен трансфер, сонымен қатар жаздағы ең қымбат трансфер.

Жақын арада бразилиялық футболшы медициналық тексеруден өтіп, ұзарту мүмкіндігімен «Манчестер Юнайтедпен» 2027 жылға дейін келісімшартқа отырады.

22 жастағы Антони «Аяксқа» 2020 жылдың шілдесінде қосылды. Команда сапында 82 матчта 24 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. Өткен жылдың қазан айында шабуылшы Бразилия құрамасының сапында дебюттік ойынын өткізіп, тоғыз матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!