- Негізгі бет
- Спорт
- "Мынадай қолдаумен тау...
"Мынадай қолдаумен тау қопарасың ғой". Күресіп жатқан әкесі үшін жанұшыра айғайлаған қыз Қазнетті тәнті етті
Әлеуметтік желіде әкесіне қолдау көрсеткен кішкентай қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан ер адам күресіп жатқаны көрінеді, ал қызы қолдау көрсетіп, жанұшыра айғайлайды.
"Әкесі күресіп жатса, қызының қолдауы", - делінген видеода.
@madiikk08 #рек #fyp #қызым #наурыз #күрес ♬ sou favela - kimiraikonenπ
"Папа, папа, папа", - дейді қыз видеода.
Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.
"Әкесінің тренері ғой", "Әке артқа лақтыр", "Қыз әкеге жақын болады", "Мынадай қолдаумен тау қопарасың ғой", "Әкесі үшін жанын беретін қыз ғой", "Не деген мықты қыз, әкесін қолдап шырылдап жатқан. "Папа, артынан бассай" дей ме, жаным кішкентай, жүрегіңнен айналдым!" - дейді пікір жазғандар.
TikTok-та видеоны жариялаған жігіт кейін қыздың әкесі жеңіске жеткенін жазған.
@madiikk08 Ответ пользователю @Батырбек тулегенов ♬ оригинальный звук - she.?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова