Мурата жекпе-жектен кейін алғаш рет пікір білдірді

Мурата жекпе-жектен кейін алғаш рет пікір білдірді
Фото: Teiken Gym

Жапониялық боксшы Риота Мурата (16-3, 13 КО) жекпе-жектен кейін алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен демалып, кетуім туралы ойланамын. Кішкене тынығып алғаннан басқа ештеңе қалмады. Рингтен қауіпсіз кететінімді ойласам жеңілдеп қаламын. 

"Мен рингке жалғыз шығамын, бірақ мені оған дейін қолдайтын адамдар бар: жаттықтырушылар, спортзалдағы адамдар және менің отбасым. Бәріне алғысым шексіз. Мен әлі де әлем чемпионы боламын", - дейді Мурата.

Айта кетейік, жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өткен болатын. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді - жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке ақ орамал тастады. 

Т. Раушанұлы