“Мұнымен тоқтамаймыз“. Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов Президентке алғыс айтты

“Мұнымен тоқтамаймыз“. Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов Президентке алғыс айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ақордада ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ербол Хамитов әлемдік додаға аттанар алдында мемлекеттік Туды тапсырып, сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты.

"Осы Паралимпиада ойындары мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз", – деді Паралимпиада чемпионы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget