Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Жартылай финалда қазақстандық муай-тай шебері Әзербайжан өкілі Әли Әлиевтен басым түсті.
Айта кетейік, финал 14 қарашада өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз