Муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан финалға шықты

Муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан финалға шықты
Фото: ҰОК/ Тұрар Қазанғапов

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Жартылай финалда қазақстандық муай-тай шебері Әзербайжан өкілі Әли Әлиевтен басым түсті.

Айта кетейік, финал 14 қарашада өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget