Ресей құрамасының және Испанияның "Сельта" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Мостовой 2026 жылғы "Алтын доп" иегеріне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мостовой келесі жүлде иегері мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе болады деп сенеді.
"Мбаппе - келесі жүлдеге үміткердің бірден-бірі. Оның гол соғуы да, ойыны да ерекше. Егер жарақат алып қалмаса, 2026 жылы міндетті түрде жеңеді", - деді Мостовой.
2025 жылы 27 жастағы Мбаппе "Реал" мен Франция құрамасы сапында 66 гол соқты. Бұған дейін франциялық ойыншының жарақат алғаны белгілі болған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" дауыс беруінде Мбаппе жетінші орын алды, ал жүлдені "Пари Сен-Жермен" клубының франциялық шабуылшысы Усман Дембеле жеңіп алды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз