Моңғолиядағы халықаралық турнирге қатысатын балуандар анықталды

Біріккен күрес әлемі (UWW) күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар да бақ сынайды. 

Грек-рим күресі

  • 63 келіге дейін: Досжан Өтепқалиев, Еркебұлан Ардақов
  • 97 келіге дейін: Нұрасыл Аманалы
  • 130 келіге дейін: Әлішер Ерғали, Олжас Сырлыбай

Еркін күрес

  • 57 келіге дейін: Абзал Өкенов, Мейрамбек Қартбай, Мерей Базарбаев
  • 61 келіге дейін: Асыл Айтақын, Қалмұхан Тұрмаханбет
  • 65 келіге дейін: Айбек Айтбеков, Ибрагим Магомадов, Өсімжан Дастанбек
  • 70 келіге дейін: Родион Анчугин, Санжар Досжанов, Ерлан Шәкішов
  • 74 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
  • 79 келіге дейін: Мансұр Қуанған, Шамиль Ожаев
  • 86 келіге дейін: Болат Сақаев
  • 92 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Азамат Дәулетбеков
  • 97 келіге дейін: Нұрдәулет Бекенов
  • 125 келіге дейін: Едіге Қасымбек

Әйелдер күресі

  • 50 келіге дейін: Зейнеп Баянова
  • 53 келіге дейін: Марал Тәңірбергенова
  • 55 келіге дейін: Лаура Алмағанбетова
  • 57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
  • 68 келіге дейін: Ирина Казюлина, Жәмила Бақбергенова
  • 76 келіге дейін: Эльмира Сыздықова, Гүлмарал Еркебаева

Айта кетейік, халықаралық турнир 4-7 маусым аралығында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз