Моңғолияда өтетін Grand Slam турниріне кімдер қатысады?

Моңғолияда өтетін Grand Slam турниріне кімдер қатысады?
Фото: ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап. 

19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі мынадай:

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
  • 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
  • 90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі 
  • 100 келіге дейін: Марат Байқамуров

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
  • 52 келіге дейін: Аружан Ережепова
  • 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
  • 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова
  • 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget